ТҮРКІСТАН: Әкім құрылыс жұмыстарын тексерді

0
852

Жұмыстың сапалы болуын тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Әкім құрылыс жұмыстарын тексерді

Сарыағаш ауданының әкімі Жібек жолы ауылдық округіндегі жол мен мектептің құрылысын тексерді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев жұмыс жоспарына сай Жібек жолы ауылдық округіне барып, округ аумағындағы мектеп және жол құрылысы жұмыстарының барысын тексерді.

Бірінші кезекте аудан басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан Зортөбе елді мекеніндегі Яссауи көшесіне асфальт жол салу барысымен танысты. Аталған көшенің ұзындығы – 1,95 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда жол жамылғысын төсеу жұмыстары аяқталу үстінде, тамыз айының соңына дейін толығымен пайдалануға берілетін болады.

Жол құрылысын аралап болған соң, Жібек жолы елді мекеніндегі №58 Ә.Марғұлан атындағы орта мектептегі қосымша 300 орындық оқу корпусы, спорт зал, асхана және шеберханалар құрылысының жұмыстарымен танысты. Аталған мектеп бала санының өсіміне байланысты үш ауысымға өткен болатын. Ендігі кезекте 2020 жылы нысан құрылысы пайдалануға берілсе, мәселе өз шешімін табатын болады.

Сонымен қатар, аудан басшысы нысандарды аралау барысында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме және тиісті бөлім басшыларына мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, әлеуметтік нысандарда жасалып жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.