ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр

0
614

Биыл кешенді жоспар арқылы 99 іс-шара жүзеге асырылмақ.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр

«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бойынша өңірде ауқымды жұмыс атқарылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл мәселе облыс әкімі аппаратының мәжілісінде кезекті рет талқыланды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кешенді жоспар облыстың дамуына серпін бергенін айта келе бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.


Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, облыстың әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, сәтті жүзеге асырылуда. 2021 жылы кешенді жоспарда 93 іс-шараны бастау көзделіп, тиісті жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде 10 іс-шара орындалған. 73 іс-шара бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Ал, биыл кешенді жоспар арқылы 99 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған.


Жалпы, кешенді жоспар өңірдің экономикалық әлеуетін көтеруге және жеке инвестициялардың келуіне оң серпін берді. Түркістан қаласының инфрақұрылымы толық қаланып, шаһар заман талабына сай түрленді. Бұл – даму тұжырымдамасының Түркістан облысында сәтті жүзеге асып жатқанының белгісі. Өңір басшысы кешенді жоспардың әрбір тармағын сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды.