ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік желілерде бесем жайлы тараған ақпарат жалған

0
1 361


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік желілерде бесем жайлы тараған ақпарат жалған
Түркістан облысында және Шымкент қаласында бесем дүниеге келді деп, әлеуметтік желіге тараған ақпарат шындыққа жанаспайды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. "Түркістан облысында 30 жастағы келіншек 5 егіз тапты" деген әлеуметтік желілерде тарап жатқан жазба жалған екенін ресми түрде хабарлаймыз. Мұндай қуанышты жаңалық болған жағдайда, басқарма бірінші боп хабарлайды"- делінген мәлімдемеде. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі де үшінші мегаполисте бесем дүниеге келгенін жоққа шығарды.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде кейбір белсенділер Түркістан облысында, кейбірі Шымкентте бесем дүниеге келді деп сүйіншілеткен болатын.
Түркістан облысында 30 жастығы келіншек 5 егіз баланы бірден дүниеге алып келді.Күтіп жүрген жандарға жұғысты болсын"- деген ақпарат лезде әлеуметтік желі қолданушылар арасында сүйіншілеткен болатын. Тіпті белгілі журналистер мен өнер жұлдыздары да бұл ақпаратпен бөлісіп, жұрттан Сүйінші сұрады.
"Оңтүстікте БЕСЕМ дүниеге келіпті! Сүйінші! Осындай жақсы жаңалықтарды насиxаттай берсек жақсылық көбейеді..! Таратайық! Лайк пен репостты аямайық!!! Бәріңіздің шаңырағыңызда бесік тербеліп тұрсын..!",- деп айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева да инстаграмм парақшасында жариялаған еді.