​ТҮРКІСТАН: Алғаш рет облыстық кітапханашылар слеті өтті

0
763

Алғаш рет өткен шараны Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды.


​ТҮРКІСТАН: Алғаш рет облыстық кітапханашылар слеті өтті

Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Жаңа форматтағы кітапханалар. Жаңашыл кітапханашылар» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алғаш рет өткен шараны Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Алдымен қатысушы кітапханашылар «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорық музейіне барды. Содан соң ашық аспан астында Жабағылы ауылдық кітапханасының жұмысымен танысты.

Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова модераторлық еткен жиында жалпы Түркістан облысындағы кітапханалар туралы, сонымен қатар ондағы күрделі мәселелер мен даму жағдайы туралы сөз сөйледі. Мұнан соң «Түлкібас аудандық кітапханалар жұмысы: жағдайы мен жетістіктері», «Түркістан облысы кітапханаларының 2019-2022 жылдардағы жағдайы: аналитика», «Қолжазба – ғасырлар руханияты», «Балалар оқуы: дамыту және қолдау», «Кітапханашылар Сіздер үшін!», «Тың жобалар топтамасы», «Кітапханашы кәсібім, салт-дәстүрім асылым», «Jastar synegry» жобасы, «Кітапхана қызметкерлерінің дамуы үшін іскер ойындардың пайдасы: тренинг сабақ» тақырыбындағы баяндамалар тыңдалып, дәрістер өтті.
Сондай-ақ, басқосуда келелі мәселелер қозғалып, ұсыныстар айтылды. Жаңа жобалар мен тың идеялар баяндалып, ауыл кітапханаларының жұмысы іс-тәжірибе ретінде көрсетілді.
Шара соңында Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова облыстағы ардагер кітапханашыларды «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапаттап, шараға қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.