ТҮРКІСТАН: «Алғысымыз шексіз саған - қазақ елі» мәдени іс-шарасы өтті

0
1 143

Іс-шара 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: «Алғысымыз шексіз саған - қазақ елі» мәдени іс-шарасы өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Түркістан қаласындағы №2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің бірлесуімен «Алғысымыз шексіз саған – Қазақ елі» тақырыбында мәдени іс-шара және «Татулығы жарасқан – туған ел» тақырыптық көрмесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шараға Түркістан қаласындағы Ардагерлер кеңесінің мүшелері, өзбек, түрік, славян этномәдени орталықтары мен ерікті жастар және оқушылар қатысты.

Еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен татулық жайлы «Татулығы жарасқан – туған ел» тақырыптық көрмесімен танысқан қонақтар ерікті жастар және этномәдени орталықтарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК 2016 жылдан бері Алғыс айту күніне орай түрлі тақырыптарда мәдени іс-шаралар мен көрме өткізуді дәстүрге айналдырған.