ТҮРКІСТАН: «Amanat» партиясы халықтың ұсыныс-тілектерін қабылдауды бастады

0
641

Сұрақтар болған жағдайда, партияның 8-800-080-44-41 жедел байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады.


ТҮРКІСТАН: «Amanat» партиясы халықтың ұсыныс-тілектерін қабылдауды бастады

«Amanat» партиясы халықтың ұсыныс-тілектерін қабылдауды бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2023 жылдың 19 наурызы күні ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Осыған орай, партия филиалдарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысын уақытша тоқтатты. Дегенмен «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасын халықтың ұсыныстары мен тілектері негізінде әзірлеуді алғашқылардың бірі болып бастап, қабылдауға көшті.


Осыған орай, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелері халықтың ұсыныс-тілектерін жинақтады. Облыс бойынша 168 ұсыныс-тілек келіп түсті. Оның басым бөлігі зейнеткерлік жасын төмендету, әлеуметтік салаларға көңіл бөлу және жастарды тұрғын үймен қамтуға байланысты. Осы орайда, өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмесі Түркістан қаласындағы «Қуаныш» орталық базарында шаһар тұрғындарымен кездесу өткізді. 20 қаңтарда басталған мұндай кездесулер барлық аудан және қалада жүзеге асып, 17 наурызға дейін жалғасады.


Айта кетсек, Республика бойынша «AMANAT» партиясының 238 қоғамдық қабылдау бөлмесі Сіздер үшін жұмыс атқарады. Сұрақтар болған жағдайда,партияның 8-800-080-44-41 жедел байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады.