​ТҮРКІСТАН: Әмір Темірдің мұралары мектеп көрмесіне қойылды

0
2 691

№3 Әмір Темір атындағы жалпы орта мектебінде «Қайта оралған жәдігер» көрмесі ұйымдастырылды.


​ТҮРКІСТАН: Әмір Темірдің мұралары мектеп көрмесіне қойылды

Түркістан қаласында Тайқазанның елге оралғанына 30 жыл толуына орай көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын негізге ала отырып, Тайқазанның елге оралғанына 30 жыл толуына орай көрме ұйымдастырды.

Түркістан қаласының №3 Әмір Темір атындағы жалпы орта мектебінде өткен көрме «Қайта оралған жәдігер» деп аталды.

Көрмені білім ұясының ұстаздары мен оқушылар тамашалады.
Шара аясында қорық-музейдің экскурсоводы К.Әсетова «Көрік берген есіктер» тақырыбында лекция оқып, көне мұраның қыры мен сырларына тоқталды.
Айта кетсек, айтулы көрмеге кесенеде сақталған XIV ғасырдың жәдігерлері, қасиетті Тайқазанның Эрмитаждан елге оралған суреттері қойылып, олардың әрбірінің тарихы түсіндірілді. Оқушылар тарапынан жәдігерлерге қатысты көптеген сұрақтар қойылып, қызықты пікірталасқа ұласты.