​ТҮРКІСТАН: «Әр этностың бренді» тақырыбында шеберлік сабағы өтті

0
1 669

Бүгінде ынтымағы мен бірлігі жарасқан елімізде ілгері басқан шағын кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік жобалар аясында тың табыстарға қол жеткізу, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсу жай-жапсары назардан тыс қалған емес.


​ТҮРКІСТАН: «Әр этностың бренді» тақырыбында шеберлік сабағы өтті

Ел тұтастығы мен жарасымдылығын сақтауда өңірде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Осының бір көрінісі ретінде,облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, облыстық ҚХА-ның ұйытқы болуымен өңірде«Әр ұлттың бренді» жобасы аясында түрлі форматтардағы іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

БүгінТүркістан облыстық ҚХА ғимаратында өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және насихаттауға бағытталған, сонымен қатар, белгілі бір деңгейде облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосу және жастарды ауылшаруашылығы саласында кәсіп ашып, оны игерудің қыр-сырын үйрету мақсатында шеберлік сабағы өтті. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы,«Қоғамдық келісім» КММ-і мен облыстық «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен биыл өңірімізде екінші рет жалғасын табуда.

Аталмыш жобаның мақсаты - Түркістан облысында тұрып жатқан түрлі этнос­тар­дың табыстарын, жетістіктерін, тұр­мы­сын, дәстүрін, кәсібилігін жас ұрпаққа үлгі ретінде көрсету, жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға шақыру.

Іс-шараның ашылуында сөз алғанТүркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. Мұхтар Мұхамбетжан өңірдегі этномәдени бірлестіктер мәдени шарлар өткізумен ғана шектелмей, аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келе жатқанын айтты.

Жиынға арнайы шақырылған «Дары Сайрама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінқұрушы, ағайынды Кочали Кемаль Сарманбайұлыжәне Кочали Мамуржан Сарманбайұлы өздерінің өндіретін тауарларды жастардың назарына ұсынып, бизнестегі тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіп ашу негіздеріне әсіресе жұмыссыз азаматтар мен студенттер қауымының қызығушылығы жоғары болды.

Түркістан Қазақстан халқы Ассамблеясы алдағы уақытта мұндай іс-шараларды тұрақты өткізбек.