"Түркістан аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды

0
2 610

Арулар сахнада жанды дауыста ән айтты, мың бұрала би биледі. Қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, ұлттық киім үлгілерін көрсетті және подиумда жүрді.


Түркістан облысының 300-ге жуық арулары "Түркістан аруы - 2019" атану үшін өз бақтарын саныды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістанда «Түркістан аруы - 2019» байқауы өтті. Байқауға 16-25 жас аралығындағы 300 қыз қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Арулар сахнада жанды дауыста ән айтты, мың бұрала би биледі. Қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, ұлттық киім үлгілерін көрсетті және подиумда жүрді.

Байқаудың қорытындысында бас жүлде иегері Акниет Садуахасоваға 300 000 теңге, бірінші орын иегері түркістандық Мамеш Жибекке 200 000 теңге, екінші орын иегері түркістандық Нуршаш Шакирбаеваға 150 000 теңге, үшінші орын иегері Мақтарал ауданының атынан қатысқан Курбан Жансаяға 100 000 теңге сыйақы берілді.