ТҮРКІСТАН: Арыс "Ақылды қалаға" айналады

0
2 161

Жуырда 17 секторға бөлінген қаланың 3D картасы жасалды.


ТҮРКІСТАН: Арыс

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Арыс қаласын цифрландыру мәселесі бойынша мәжіліс өтті. Облыстық Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Утебаевтың айтуынша, Арыс қаласын цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жуырда 17 секторға бөлінген қаланың 3D картасы жасалды. Бұл картаға қаладағы тұрғын үйлер мен сол үйлерге тіркелген үй иелері туралы деректер енгізілген. Оған қоса қалалық кадастрға енгізілмеген үйлер де анықталған. Осыған байланысты облыс әкімі барлық тұрғынды құжаттандыру жөнінде тапсырма берді.
Осы карта арқылы Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты көмек көрсету жеңілдей түсті. Әр үйге дефектік акт тіркеліп, осы үйлердегі құрылыс жұмыстары, гуманитарлық көмектің жеткізілуі бақыланады. Қала тұрғындары бұл жұмыстарды онлайн режимде бақылап, кемшіліктер анықталса, тиісті орындарға хабар береді.
Сонымен бірге жиында эвакуация кезінде құжаттарын жоғалтып алған тұрғындарға құжаттар тегін жасалатыны белгілі болды.
Өмірзақ Шөкеев Арысты «ақылды қалаға» айналдыру бағытындағы жұмыстарды күшейту және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолға алу жөнінде тапсырмалар берді.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі