ТҮРКІСТАН: Арыс қаласының полицейлері балаларға өз жұмысын таныстырды

0
1 699

Арыс қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының алтыншы сынып оқушылары қонаққа келді. Тәртіп сақшылары оқушыларға полиция бөліміндегі жедел басқарманың мини-орталығын, тергеушілер мен криминалистердің арнайы бөлмелерін, кезекшілік бөлім мен басқа да өзге бөлмелерді таныстырды.


ТҮРКІСТАН: Арыс қаласының полицейлері балаларға өз жұмысын таныстырды

Арыс АПБ ЖПҚ-нің ювеналды полиция қызметкерлері алдын алу шаралары аясында оқушылар үшін арнайы танымдық экскурсиясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тәртіп сақшыларына Арыс қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының алтыншы сынып оқушылары қонаққа келді. Тәртіп сақшылары оқушыларға полиция бөліміндегі жедел басқарманың мини-орталығын, тергеушілер мен криминалистердің арнайы бөлмелерін, кезекшілік бөлім мен басқа да өзге бөлмелерді таныстырды.
Экскурсия басында ювеналды полиция инспекторы полиция майоры Ерлан Бердалиев оқушыларға заң қызметкерлерінің қауіпті де жауапкершілігі көп қызметі мен жасөспірімдердің қандай жағдайда, қанша жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы кеңінен баяндап, қонақтарды қызықтырған сұрақтар бойынша жауап берді.
Сонан соң оқушылар полицейлермен бірге Арыс АПБ-нің жедел басқару мини-орталығына аялдады, ол жерден балалар ЖБО қызметкерлерінің жұмысымен танысты, сыртқа қойылған арнайы бақылау бейнекамераларымен және полицейлердің қылмыскерлерді қалай құрықтайтыны туралы, жол қозғалысындағы заң бұзушылықтарды бақылайтын жұмыстары туралы кеңінен мағлұмат алып, өз көздерімен көрді.
Әсіресе Арыс АПБ-нің «Ричард» атты қызметтік итімен танысу сәттері оқушыларды үлкен әсерге бөледі. Балалар «Ричардты» полицейлердің қалай тамақтандырып, бағып, қандай әдіс тәсілдерді қолдана білетіндігін үлкен қызығушылықпен тамашалады.
Экскурсия соңында оқушылар полицейлерге арнайы уақыт бөліп, көңіл аударып тамаша саяхат сыйлағаны үшін алғыстарын айтты. Полиция бөлімін аралап, тыныс тіршілігімен танысқан балалар болашақта полиция қызметкері боламын деген сөздерін мақтанышпен айтып жатты.