ТҮРКІСТАН: Арыс қаласының тұрғындары өз үйлеріне оралды (фото)

0
1 920

Қалада тіршілік қайнай бастады.


ТҮРКІСТАН: Арыс қаласының тұрғындары өз үйлеріне оралды (фото)

Бүгін Арыстағы жарылыстан зардап шеккен азаматтар өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкенттегі эвакуациялық пункттерден шыққан арыстықтар мінген автобустардың алғашқы легі сағат сағат 8:00-де Арыс қаласына кірді. Уақытша қабылдау пунктіне келген алғашқы 1000-ға жуық азаматтарды өз аудандарына бөліп, өз үйлеріне жеткізілді.

Бүгінде қала аумағын қалпына келтіру мақсатында 17 секторға бөлінді.
Осы секторларды жеке-жеке аралған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қала тұрғындарының үйлеріне орналасу жағдайымен танысты.

Жауапты азаматтар тұрғындарды жайғастыру жұмыстарын бастап кетті.
Келген азаматтар қазақ халқына өз ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтуда.
Сондай-ақ қазіргі таңда үйлер тексеріліп залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Арыстықтарды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында әр үйге азық-түлік бөлініп қарастырылып жатыр. Бірінші кезекте ең қажетті заттар таратылатын болады.

Қазір қалада тіршілік қайнай бастады. Арыс қаласының көшелерінде қозғалыс пайда болып, эвакуациялық пункттерден тұрғындар әкелініп жатыр.