ТҮРКІСТАН: Арыста «Аltyn kúz – 2019» облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті

0
864

Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда қатысты.


ТҮРКІСТАН: Арыста «Аltyn kúz – 2019» облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті

Арыс қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «ALTYN KÚZ – 2019» облыстық спорттық сайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараға Түркістан облысы мен аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.

Облыстық және аудан, қалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда кіші футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсті.

Тартысты додада Волейболдан І орынды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ІІ орынды Созақ ауданы, ІІІ орынды Арыс қаласы иеленді. Арқан тартыстан І орынды Арыс қаласы, ІІ орынды Созақ ауданы, ІІІ орынды Мақтарал ауданы жеңіп алды. Кіші футболдан І орынды Жетісай ауданы, ІІ орынды облыстық ветеринариялық лабороториясы, ІІІ орынды Сайрам ауданы ие болды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дипломдарымен және кубоктармен марапатталды.