ТҮРКІСТАН: Арыста біршама үйге газ берілді

0
444

«Алатау» тұрғын алабында газға қосылуы тиіс 185 тұрғын үй тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Арыста біршама үйге газ берілді

Арыста 200-ге жуық үйге газ беріле бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласын үш кезеңмен толық газдандыру жоспарланған. Бүгін шаһардағы «Алатау» тұрғын алабындағы үйлерге табиғи газ берілді. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындардың қуанышына ортақтасты.


Бүгінгі таңда Арыс қаласын табиғи газға қосу үшін Ордабасы ауданындағы №19 «Темірлан» АГТС-нан Арыс қаласына дейін 41,2 шақырым газ құбыры тартылды. Сондай-ақ, қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 15,6 шақырым жеткізгіш газ құбыры жүргізіліп, 6 дана газды реттеу пункті (ГРП) орнатылып, қысымдау жұмыстары жүргізілді.


«Үйге газ кіріп, қуанып жатырмыз. Енді газ мамандары үй жылытатын пешімізді газға жалғап береміз деп жатыр. Мұндай қуаныш өзге де жерлесімізге жұғысты болсын. Құжаттарды рәсімдеуді тездетіп, барлық арыстықтар газдың игілігін көре берсін», – дейді қуаныштарымен бөліскен тұрғындардың бірі Досан Жиенбай.


Айта кетейік, «Алатау» тұрғын алабында газға қосылуы тиіс 185 тұрғын үй тіркелген. Қазіргі кезде аталған аумақтағы үйлердің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін әрбір үй иесі талапқа сай сақтық шараларын қамтамасыз ете отырып, газ кіргізумен айналысатын компаниямен келісімшарт түзуі тиіс.