ТҮРКІСТАН: Арыста ерлік көрсеткендер Ақордада марапатталды

0
1 296

Марапатталғандардың арасында арыстық тұрғындар да бар.


ТҮРКІСТАН: Арыста ерлік көрсеткендер Ақордада марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған төтенше жағдай кезінде және қару-жарақ қоймасындағы жарылыстың салдарын жою барысында ерекше көзге түскен еліміздің азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Арыстағы трагедия жергілікті мыңдаған отбасын бір сәтте баспанасыз қалдырды. Әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің шапшаңдығы мен батылдығы алғашқы минуттарда-ақ халықты эвакуациялауға мүмкіндік берді",- деді Президент.

Марапатталғандардың арасында арыстық тұрғындар да бар. Олар, Арыс қаласындағы «Алтын тұмар» балабақшасының меңгерушісі Уәлиханова Гаухар Шыналбайқызы – 113 баланы эвакуациялаған,сондай-ақ, «ЛИДЕР» балабақшасының жүргізушісі Әбдіхалық Асқар Алмасбекұлы – 70 тәрбиеленушіні эвакуациялаған.

Сонымен қатар, жарылыста еңбек еткен әскерилер, полицейлер, еріктілер де II және III дәрежелі "Айбын" орденімен, "Құрмет" орденімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен, медицина қызметкерлері - "Шапағат" медалімен марапатталды. Олардың қатарында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов бар.

"Ақорда" резиденциясында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне жалпы қырық адам қатысқан. Бейбіт күннің батырлары - барша қазақстандықтардың мақтанышы.