ЕГІЗДЕР ФЕСТИВАЛІ - Түркістан облысында 300-ден аса егіздер қызыл кілеммен жүріп өтті

0
2 770

Арыс ауданында "Көзімнің ағы мен қарасындай" атты шара ұйымдастырылды.


ЕГІЗДЕР ФЕСТИВАЛІ - Түркістан облысында 300-ден аса егіздер қызыл кілеммен жүріп өтті

Түркістан облысы, Арыс қаласында тұңғыш рет егіздерге және егіз туған аналарға арналған "Көзімнің ағы мен қарасындай" атты жобаның тұсауы кесілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған шараға 300-ден аса егіздер қатысып, арнайы қызыл кілемнен жүріп өтті. Арыстағы егіздер көп білім алатын мектептер де арнайы марапаттарға ие болды. Егіз туған аналарға да сый-сияпат беріліп, құрмет көрсетілді. Өнерлі егіз балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама ел назарына ұсынылды.

Балалардың да, егіздерді жарық дүниеге әкелу бақыты бұйырған аналарды да қуаныш пен шаттыққа бөлеген мұндай айрықша іс-шара Арыс қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолға алған егіздер шеруі Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алыныпты.

Қала тарихында тұңғыш рет өтіп жатқан жобаның мақсаты қоғамда отбасының мәртебесін арттыру, егіздердің дүниеге келуін дәріптеу, демографиялық өсімнің тәрбиелік мәнін ашу болып отыр.