ТҮРКІСТАН: Арыста полицейлерді балағаттаған азамат сотталды

0
1 234

Спитрттік ішімдік ішкен азамат үйінде жанжал шығарып азаматтық некедегі әйеліне тиісіпті. Тіпті, жары көмекке шақырған полицелерді де балағаттап, қарсылық танытқан.


ТҮРКІСТАН: Арыста полицейлерді балағаттаған азамат сотталды

Әйелін ұрып, араша түспек болған полицейлерді балағаттаған Арыс қаласының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сотталушы шамамен түнгі сағат 23-де өз үйінде алкогольді ішімдік ішіп, масайған күйеуі жанжал шығарып азаматтық некедегі әйеліне тиісе бастаған. Осы кезде оның жары тәртіп сақшыларын шақырып, полицияға хабар берген. Азаматшаның хабарламасы бойынша келген Арыс аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі жол потрульдік полиция бөлімшесі полицейлерінің талабына бағынбаған алкогольдік ішімдікке сылқия тойған азамат қарсылық танытады. Тіпті тәртіп сақшыларына денсаулығына қауiпті емес күш қолданбақ болған.

Нақтырақ айтқанда, сотталушы билік өкілдерін бірнеше рет анайы сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін әдепсіз сөздер айтып қорлаған. Ашуға булығып асхана пышағымен әйеліне тап беріпті. Араққа тойып әйеліне зорлық көрсетпек болған күйеуі тәртіп сақшыларына тіл тигізіп сот алдында жауапкершілікке тартылды.

Ол бұрын да сотты болған көрінеді. Сотталушы ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігі "Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау" және ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігі "Билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру" бойынша кінәлі деп танылған.

Арыс аудандық соты оған 40 сағат қоғамдық жұмысқа тарту және екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сотталушының бұрын да сотты болғандығы, яғни жазасын әлі толық өтемегендігі ескерілді. Осыған орай 06.11.2018 жылғы үкіммен тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі тағайындалған жазаға ішінара қосылып, түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.