ТҮРКІСТАН: Арыста тағы бір елді мекенге газ берілді

0
579

Онда мыңға жуық халық тұрады.


ТҮРКІСТАН: Арыста тағы бір елді мекенге газ берілді

Тәуелсіздік күніне орай Арыста тағы бір елді мекенге газ берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыста Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы бір елді мекен газға қосылды. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қала іргесінде орналасқан Онтам елді мекенінде болып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.


Шаһар басшысы халықтың әл-ауқатын жақсарта отырып, қала тұрғындарына барынша қолайлы жағдай жасау басты міндет екенін атап өтті. Қала әкімінің бұл сөздерін толықтай қолдаған ауыл тұрғындары атқарылып жатқан игі істерге алғыстарын білдірді.


Бүгінгі таңда Онтам елді мекенінде 85 тұрғын үй бар болса, онда 850-ден астам халық тұрады. Қазіргі кезде елді мекенде орналасқан тұрғын үйлердің 90 пайызы мердігер мекемелермен келісімшартқа отырып, тиісті монтаж жұмыстарын жүргізіп үлгерген.


Айта кетейік, бұған дейін «Көктем-1», «Көктем-2», «Саяжай-2», «Алатау» («ПМС») ықшамауданына газ берілген болатын. Ал ай соңына дейін «Тараз», «Барыс» («Баламекен») тұрғын аудандарын «көгілдір отынға» қосу жоспарланған. Осылайша, келер жылы Арыс қаласы кезең-кезеңімен толық газға қосылады.