ТҮРКІСТАН: Арыстағы қоймалардың бірінен өрт шықты

0
1 034

Бүгін 16-00 шамасында локомотив пайдалану депосы​ өртке оранды.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы қоймалардың бірінен өрт шықты

Бүгін Арыста локомотив пайдалану депосының аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы, Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Аталған өрт локомотив пайдалану депо аумағында ТЧЭ цехі 32 қоймасынан шыққан. Төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру бөлімінің 8 техникасымен және 55 адам жұмылдырылып, шұғыл түрде өрт сөндірілген.


Еске сала кетейік, өрт 2019 жылдың шілде айының 10 жұлдызы күні сағат 16-00 шамасында орын алған. Бүгінгі таңда адам өміріне және денсаулығына зиян келген жоқ.