ТҮРКІСТАН: Арыстағы саябақтар мен скверлер тазаланып жатыр

0
726

5 арнайы техника мен 40-қа жуық жұмысшы жұмылдырылды.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы саябақтар мен скверлер тазаланып жатыр

Арыс қаласында барлық коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында қардың қалың жаууына байланысты қаланың барлық коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бүгінде қар тазалау жұмысына 5 арнайы техника мен 40-қа жуық жұмысшы жұмылдырылды.


Толассыз жауған ақ ұлпа қала тұрғындары мен көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін коммуналдық шаруашылық саласының мамандары қар тазалау жұмысын іркіліссіз атқаруда. Осылайша, бірінші кезекте орталық көшелер, жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалардың маңы тазаланды.


Бұдан бөлек, орталық көшелерге көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізілді.


Бүгінгі таңда мамандар парктер мен скверлерді, аллеялар мен қоғамдық орындарды тазалауда.


Қала әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындарын жол ережелерін қатаң сақтап, мұқият болуға шақырды.