ТҮРКІСТАН: Арыстағы саябақтарда тегін ғаламтор жүйесі орнатылды

0
611

20 Мбит жылдамдықпен жұмыс істейді.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы саябақтарда тегін ғаламтор жүйесі орнатылды

Арыс қаласындағы саябақтарда тегін ғаламтор жүйелері орнатылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Арыс қаласы тұрғындарының енді кез-келген уақытта жылдамдығы жоғары, қызметі сапалы ғаламтор желісін тегін пайдалануына мүмкіндігі бар. Себебі, қала аумағындағы төрт бірдей саябаққа тегін Wi-Fi интернет желісі орнатылды. Атап айтқанда, сапалы ғаламтор желісі «Дендросаябақ», «Батырлар аллеясы» мен «Арбат» және «Жастар» саябағында іске қосылып үлгерді.

Аталған ғаламтор жүйесі секундына 20 Мбит жылдамдықпен жұмыс істейді. Трафигі шектеусіз желіні орнату жұмыстарын «Транстелеком» компаниясы жүргізген.

Бұл жоба облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Сондай-ақ, саябақтарға серуендеуге барған тұрғындар карантиндікы арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды ұмытпауы қажет. Сонымен қатар, тегін Wi-Fi желісін пайдалану кезінде жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін сайттарға да кіруіне шектеулер қойылған.

Айта кетейік, жыл басынан бері арнайы жоспар бойынша және балаларды қашықтан оқыту жүйесіне байланысты өңірдегі біршама аудан, ауылдар сапалы ғаламтор желісімен қамтамасыз етілді.