ТҮРКІСТАН: Арыстық 12 жасар оқушы ҚР Президентінің алғыс хатын алды

0
1 507

Айдос жергілікті тұрғындарға көмек керек болған тұста суын тасып, азық- түлігін жеткізіп беру ісін атқарған.


ТҮРКІСТАН: Арыстық 12 жасар оқушы ҚР Президентінің алғыс хатын алды

Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен салтанатты шарада 12 жасар Айдос Әбсадық ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Айдосты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы марапаттады.
Сахнаға екі рет шыққан бозбала біріншісінде өз марапатын алса, екіншісінде әкесінің атынан шығып ҚР Құрмет грамотасына ие болды. Яғни, әкелі балалы Әбсадықовтар қос марапатты еншіледі.
Жас ерікті жергілікті тұрғындарға көмек керек болған тұста суын тасып, азық түлігін жеткізіп беру ісін атқарған екен.
"Қоймадағы заттарды үлкен ағалар бөліп береді. Мен соларды тасыдым. Таңертең ерте барып, кеш қайтып жүрдім. Түкте шаршамадым. Қайта үлкен ағалардың айтқан ақылы мен алғысы маған дем берді. Сол жерде көпшілікпен тамақ ішіп, жұмыс істедім. Марапат беріп отырған ағаларыма үлкен алғыс айтамын" – дейді ол.