ТҮРКІСТАН: Арыстық 35 азамат шипажайға жолдама алды

0
1 041

Арыстықтар Түлкібас ауданындағы «Ақсу Жабағылы» оңалту - сауықтыру кешеніне аттанатын болады.


ТҮРКІСТАН: Арыстық 35 азамат шипажайға жолдама алды

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшылығы Арыс қаласының тұрғындарын шипажайға жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Табиғаты таңғажайып Түлкібас өңірінде орналасқан «Ақсу Жабағылы» оңалту - сауықтыру кешенінде денсаулығын түзетуге соңғы бірнеше күннің ішінде 35 арыстық аттанды.
Шипажайда бос уақытты өткізу үшін белсенді демалыс түрлері, оның ішінде атпен қорық аумағына қызықты серуендеу қарастырылған. Оңалту орталығына Арыс қалалық емханаға қарасты, созылмалы аурулармен ауыратындықтан есепте тұратын азаматтар баруға мүмкіндік алды.