ТҮРКІСТАН: Арыстық жастар ауылдың көркеюіне үлес қосып жатыр

0
723

25 000 көшет отырғызу көзделуде.


ТҮРКІСТАН: Арыстық жастар ауылдың көркеюіне үлес қосып жатыр

Арыстағы жастар ауылдың көркеюіне үлес қосып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Монтайтас ауылдық округінде ауыл жастарының ұйытқы болуымен «Монтайтас» саябағына 350 түп шырша көшеттері отырғызылды. Саябақ Монтайтас елді мекенінің шыға берісінде орналасқан. Шараның мақсаты – ауылды көркейту, көгалдандыру.


«Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» демекші, ауыл жастары ауылдың көркеюіне үлес қосқан барлық ауыл азаматтарына, ел ағаларына алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осы шараның жалғасатынын айтты.


Айта кетейік, қала әкімдігінің бастамасымен, бүгінгі таңда өз үйі іргесін, тұрғылықты көшесін абаттандырамын деген арыстық тұрғындарға көшеттер де үлестірілуде.


Жалпы, жоспар бойынша биылғы күзгі ағаш отырғызу маусымына Арыс қаласы мен ауылдық округ аумағында 25 000 көшет отырғызу көзделуде.