ТҮРКІСТАН: Арыстықтар үшін Ордабасыда штаб құрылды

0
1 138


ТҮРКІСТАН: Арыстықтар үшін Ордабасыда штаб құрылды

Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім бөлімі "Жамбыл" атындағы жалпы орта мектебі" КММ-нен штаб құрылып, Арыс қаласынан эвакуацияланғандар жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде жертөлелерді паналап, бас сауғалағандарың біраз бөлігі осы штабқа әкелініп, оларға жедел көмек көрсетілуде. Арнайы көліктер жұмылдырылып, шұғыл қызмет етіп жатыр.

«Жедел көшірілген тұрғындар арасында жарақаттанғандар байқалмайды, қатты қорқып қалғандарға көмек көрсетіліп жатыр», деп хабарлады оқиға орнына ERNUR.KZ тілшісі.