ТҮРКІСТАН: Ас суын шығаратын цех іске қосылды

0
900

Өнім еліміздің барлық аймағына таралады.


ТҮРКІСТАН: Ас суын шығаратын цех іске қосылды

Төлеби ауданында ас суын шығаратын цех жұмысын бастады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Hydrolife» деген атаумен минералды су шығарыла бастады. Алатау ауылдық округінде орналасқан «Геоминерал» ЖШС асханалық суды таудың мөлдір, таза, минералға бай жерасты суынан өндіріп отыр. Жуырда ғана іске қосылған өндіріс орнында бүгінде тәулігіне 5 және 10 литрлік құтымен 8 мың дана ас суы дайындалады.

Сондай-ақ, аталған серіктестікте 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 70-80 мың теңге көлімінде. Цех мамандарының жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасалған.

«Біз өндіріп отырған өнімнің сапасы кез-келген ас суымен бәсекелесе алады. Тауарға деген сұраныс та жоғары. Сұраныс артқан жағдайда біз де өнім көлемін көбейтеміз деген ойдамыз», – дейді мемеке басшысы Рустамбек Махаммедов.

Сұранысқа байланысты дайын өнімнің басым бөлігі Атырау, Ақтау қалаларына жөнелтіліп жатыр. Серіктестік басшысы алдағы уақытта «Hydrolife» сусынын еліміздің барлық аймақтарына таратуды жоспарлап қойғанын айтады.