ТҮРКІСТАН: Ащысай туристік орталыққа айналады

0
1 964

Бұл – Кентау қаласына жақын Ащысай елді мекенінде туризм орындарын дамытуға бағытталған.


ТҮРКІСТАН: Ащысай туристік орталыққа айналады

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Түркістандағы өңірлік жобаларымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы жұмыс сапарымен Академияның Түркiстан облыстық филиалына арнайы келiп, басшы лауазымына алғаш тағайындалғанмемлекеттік қызметшілердiң өңірлік жобаларымен танысты.

Ол жобалардың қатарында «Жер жәннаты – Ащысай» жобасы да бар. Бұл – Кентау қаласына жақын Ащысай елді мекенінде туризм орындарын дамыту арқылы өңірді жандандыруға, әсем табиғатын көрсетiп келушілер санын арттыруға бағытталған.


Ал «Спорттық ауыл – Ащысай» жобасы – Ащысай тұрғындары арасында бұқаралық спортты жетiлдiру, спорттық іс-шаралар арқылыауыл-аймақтарда салауатты өмір салтын дамытуғасерпін беру. Сондай-ақ, «Зейнет жас – сапалы ғұмыр» жобасы таныстырылды. Онда зейнеткерлерді спорттық-мәдени іс-шараларға баулу, қарттардың өмірге қызығушылығын арттырып, өмір жасын ұзарту жайы қаралған. Сонымен қатар, «Рухтың дамуы – ел дамуы» жобасы аясында Ащысай жастарына рухани білім берiп, бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсаты көзделген.

Жобалар ректор мен комиссия тарапынан жоғары бағаланып, Кентау қаласы әкімдігі Ащысайды туризм орнына айналдыру идеясын қолдап, аталған жобалар аясында елдi мекендi дамыту жүргізілмек.