ТҮРКІСТАН: Әскери гарнизондағы залалсыздандыру жұмыстары ешқандай қауіп төндірмейді

0
869

Жұмыстар қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауында.


ТҮРКІСТАН: Әскери гарнизондағы залалсыздандыру жұмыстары ешқандай қауіп төндірмейді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Арыс қаласындағы оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауында, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жыл маусым айының 9 күнінен бастап, әр аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында Түркістан облысы Арыс әскери горнизоны аумағында жоспарлы түрде жарылғыш оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келе жатыр. Атап айтсақ, залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауында болады.

Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі:

«Алаңдамауларыңызды сұраймыз. Бұл жұмыстар Арыс қаласының халқы үшін қауіп төндірмейді. Қауіпке негіз жоқ, үрейге бой алдырмаңыздар!!!

Жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз”, - деп хабарлады.

Сондай-ақ, Арыс қаласында коронавирус індетіне байланысты қала орталығындағы адам көп шоғырланатын орындар мен мемлекеттік нысандарда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп келеді. Сондықтан, қала әкімдігі барлық тұрғындарынан өз денсаулықтарының қауіпсіздігі мақсатында үйде отыруға, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға бармауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әр адамның денсаулығы, жаппай ауру тарап жатқан кезеңнен аман өтуі өз қолында.