ТҮРКІСТАН: Асық ату және бес асықтан облыс чемпионаты басталды

0
745

Жарысқа облыстағы 9 ауданнан 100-ден аса спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтауда.


ТҮРКІСТАН: Асық ату және бес асықтан облыс чемпионаты басталды

Түлкібас ауданында асық ату және бес асықтан облыс чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданында асық ату және бес асықтан жастар және жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты басталды. Жарысқа облыстағы 9 ауданнан 100-ден аса спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтауда. Ұлттық спортымызды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған жарыс екі күнге жалғасады.


Түркістан облысының асық ату федерациясының президенті және облыстың аға бапкері Оралхан Айдарханұлы жарыс нәтижесінде мықтылар іріктеліп, облыс құрамасы жасақталатынын жеткізді. Жастар арасында ұмыт бола бастаған бұл спорт түрін қайта дәріптеу бойынша жаңаша бағытта жұмыстар атқарылып келеді.


Облыстық чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы тағайындалған медальдармен және грамоталармен марапатталады.