ТҮРКІСТАН: Ауаны ластаған 17 жылыжайдың жұмысы уақытша тоқтатылған

0
991

Қоршаған ортаны ластаған кәсіпкерге айыппұл салынып, құжаттары сотқа өткізілген.


ТҮРКІСТАН: Ауаны ластаған 17 жылыжайдың жұмысы уақытша тоқтатылған

фото: ашық дереккөзден

Түркістандықтар табиғи газды отын ретінде пайдаланылатын болса зиянды әсер етуші күлдің шаңы мен күкірттің қос тотығы бірден тиылмақ. Яғни, қазіргі кезде қаланы жауып тұрған қалың түтінде бірден азаяды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы облыстық экология департаментінің директоры Имангелді Түймебаев айтып өтті.
"Түркістандықтар ғимараттар мен тұрғын үйлерді жылыту үшін негізінен көмір отыны пайдаланылады. Коммерциялық әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлер қатты отыннан сұйық отынға көшуді қолға алса, қоршаған ортаға зиян азаятыны сөзсіз", - дейді облыстық экология департаментінің директоры Имангелді Түймебаев.
Бүгінде департмент мамандары кәсіп иелеріне қоршаған ортаны ластамаудың жолдарын түсіндіруде. Ал, заңсыз әрекет еткендерге айыппұлдар салынуда. Мәселен, тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымға сәйкес Түркістандағы «Тұран» моншасына тексеру жұмыстарын жүргізген сала мамандары кәсіп иесінің құжатсыз жұмыс жүргізгендігін анықтаған. Қоршаған ортаны ластаған кәсіпкерге айыппұл салынып, құжаттары сотқа өткізіліпті. Қатты отын жағып, ауаны ластаған облыстағы 17 жылыжайдың жұмысы да сот шешімімен уақытша тоқталған.