ТҮРКІСТАН: Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне «Даңқ» залы ашылды

0
604

Ардагерлерге тағзым залының аталған білім ошағынан ашылуы өзіндік мән-мағынаға ие.


ТҮРКІСТАН: Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне «Даңқ» залы ашылды

Түркістанда Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай «Даңқ» залының лентасы қиылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда Нәзір Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектебінде Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай «Даңқ» залының лентасы қиылды. Ардагерлерге тағзым залының аталған білім ошағынан ашылуы өзіндік мән-мағынаға ие. Себебі осы мектептің 8 түлегі сұрапыл соғысқа аттанған қан майданның куәгерлері.


«Кеңес әскерінің қатарында біздер интернационалдық борышымызды өтеп қайттық. Ешқашан соғыс болмасын деп тілеймін. Егеменді еліміздің туы биікте желбіресін. Түркістанда ардагерлердің ұйымын ашқанымызға 24 жыл болды. Осы жылдар аралығында қаладағы университет, колледж студенттерімен кездестік. Мектеп оқушыларымен жүздесіп, әр мектепке барып патриоттық тәрбие сағатын өткізіп жатырмыз», - деді «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов.


Оқу ордасының оқушыларымен жүздескен майдангерлер батырлық – соғысқа барумен өлшенбейтіндігін айтты. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасованың айтуынша, аға буынның ақылы оқушыларға жігер беріп, кеуделерінде мәңгілік жаңғырып тұрар өмірлік азық болары анық.


Айта кетсек, биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толды. Жалпы, бұл майданға Түркістан облысынан 870-ке жуық сарбаз майданға аттанған. Қазір рухани астанада 10 жылға созылған соғысқа қатысқан 139 ардагер тұрады.