ТҮРКІСТАН: Ауқымды жылыжайлар өнім жинауға кірісті

0
1 075

20 азамат маусымдық жұмыспен қамтылса, 4 азамат тұрақты жұмыс істейді.


ТҮРКІСТАН: Ауқымды жылыжайлар өнім жинауға кірісті

Төлеби ауданында жылыжай ісін кәсіп еткен диқандар саны артып келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданында жылыжай ісін кәсіп еткен шаруалар саны күн сайын көбейіп жатыр. Осыған байланысты отандық өнімді арттыруға үлес қосып, ауыл шаруашылығынан табыс табуға бет бұрған бірқатар жылыжай жұмысымен аудан әкімі Бауыржан Омарбеков арнайы танысып қайтты.

Атап айтақ, Төлеби ауданындағы Бірінші Мамыр ауылдық округі аумағында орналасқан "М-Нұрай" ЖШС 1,78 гектар алқапқа, "Жасұлас" ЖШС 1,02 гектар алқабына қияр дақылын еккен. Айта кетері, бүгінгі күнге дейін "М-Нұрай" ЖШС – 50 тонна және "Жасұлас" ЖШС – 30 тонна өнім жинап үлгерген. Ал өнімдер аудандағы және Шымкент қаласындағы сауда орындарына шығарылады екен.

Сондай-ақ, аталған кәсіп нысандарында қазір жергілікті тұрғындардан 20 азамат маусымдық жұмыспен қамтылса, 4 азамат тұрақты жұмыс істейді. Аталған өнеркәсіптік жылыжайларда автоматтандырылған тамшылату технологиясы мен жылу жүйесі орнатылған.