ТҮРКІСТАН: Ауыл әкімдері және мәдениет қызметкерлерінің облыстық семинар-кеңесі өтті

0
1 942

Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған семинардың мақсаты - ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту, облыс көлеміндегі мәдениет қызметкерлерінің әдістемелік жұмыстарына жаңаша серпін беретін жаңа идеялар бойынша кеңестер беріп, пікір алмасу, жан-жақты қабілеттері мен біліктіліктерін арттыру, ауылдық мәдениет қызметкерлері мен ауыл әкімдері арасындағы кәсіби байланыстарды дамыту, бағыт беру болып табылады.


ТҮРКІСТАН: Ауыл әкімдері және мәдениет қызметкерлерінің облыстық семинар-кеңесі өтті

Кентау қалалық Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін»
бағдарламасын іске асыру бағытында мәдениет қызметкерлері және ауыл әкімдерінің қатысуымен облыстық семинар-кеңес өтті, деп хабарлайда ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған семинардың мақсаты - ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту, облыс көлеміндегі мәдениет қызметкерлерінің әдістемелік жұмыстарына жаңаша серпін беретін жаңа идеялар бойынша кеңестер беріп, пікір алмасу, жан-жақты қабілеттері мен біліктіліктерін арттыру, ауылдық мәдениет қызметкерлері мен ауыл әкімдері арасындағы кәсіби байланыстарды дамыту, бағыт беру болып табылады.
Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы Түркістан облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әшірбеков Бақытжан Айдарханұлы баяндама жасап, мақсат-міндеттер жөнінде де егжей-тегжейлі мәлімет берді.
Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы «Ұлы даланың жеті қыры: уақыт пен кеңістік тоғысында» тақырыбында доцент, филология ғылымдарының кандидаты Исаева Жазира Исақызы «Ұлы дала паремиологиясындағы көнерген сөздер: ұлттық код», аталған оқу орнының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Жораева Гүлжамал Төлегенқызы «Ұлы даланың ұлы тұлғалары»,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінің PhD философия докторы Ергөбекова Жанат Сапарбекқызы «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ жазуының тарихы» атты баяндамаларын оқып, пікір бөлісті.
Жиын аясында Кентау қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арнайы концерттік бағдарлама және көрме ұйымдастырды.