​ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы израильдік жүйемен дамиды

0
1 024

RIVULIS компаниясының коммерциялық директоры Николас Контас бастаған израильдік мамандар тәжірибелерімен бөлісті.


​ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы израильдік жүйемен дамиды

Түркістан қаласында «Израильдік техникалық мүмкіндіктерді пайдалану және ынтымақтастық перспективаларын талқылау» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

- Бүгінгі күні Израиль ауыл шаруашылық технологияларын әзірлеу және су ресурстарын ұтымды пайдалануда дүниежүзінде көшбасшы елдерінің бірі болып саналады. Азық-түлік тауарларына деген бағаның ұдайы өсуімен байқалатын әлемдегі қазіргі кездегі ахуалды ескере отырып, Израиль технологиясын енгізу аграрлық салада орын алған бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деген облыс әкімінің орныбасары Ербол Садыр шетелдік қонақтармен таныстырып өтті.
Ал, көпшілік алдында баяндама жасаған ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржігіт Мырзахметов Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы мәлімет берді.
RIVULIS компаниясының коммерциялық директоры Николас Контас бастаған израильдік мамандар тәжірибелерімен бөлісті.
Израиль мемлекетінің инновациялық шешімдерін енгізу сияқты шетелдік тәжірибені пайдалану елімізде де агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға оң ықпал ететін болады.