ТҮРКІСТАН: «Ауылым – алтын тұғырым» байқауының жеңімпаздары анықталды

0
1 048

Сыйлықтар карантин режиміне сәйкес, жеңімпаздардың үйіне жеткізіліп, тапсырылады.


ТҮРКІСТАН: «Ауылым – алтын тұғырым» байқауының жеңімпаздары анықталды

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған байқау мәресіне жетті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылғы 24 сәуір-14 мамыр аралығында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан «Ауылым алтын тұғырым» атты байқау ұйымдастырылған еді. Байқаудың басты мақсаты – «Үйдебол» челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау.

Байқауға қатысып, бағын сынаған 40-қа жуық әлеуметтік желі қолданушыларының тізімі 25 мамырда жарияланған болатын. Әділқазылар алқасы барлық материалды сараптап, шешім шығарды және байқаудың қорытындысын жариялайтын салтанатты сәт туып отыр.

Сонымен, «Ауылым – алтын тұғырым» әлеуметтік желі белсенділерінің арасында өткен онлайн байқауында талантымен танылып, ерекше көзге түскен азаматтар тізімі:

Бас жүлде – Іңкәр Ғалымжанқызы;
І орын – Балтабек Исақұлы;
ІІ орын – Бейбіт Нарынбекұлы;
ІІІ орын – Бегман Саттарұлы.
Сонымен қатар, ынталандыру сыйлығына мына азаматтар ие болды:
Жанарбек Садыханұлы, Арқалық Әмалиятұлы және Дәурен ТІЛЕУХАН.

Аталған онлайн байқаудың ұйымдастырушылары барлық қатысушы азаматтарға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломмен марапатталатынын айтып отыр. Сыйлықтар карантин режиміне сәйкес, жеңімпаздардың үйіне жеткізіліп, тапсырылады.