ТҮРКІСТАН: ​«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарттарға құрмет көрсетті

0
2 748

1-қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: ​«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарттарға құрмет көрсетті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы қарттар күнін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін 1-қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Онда филиал басшысы қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, бірқатар ардагерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

НR, жастар ұйымы және кәсіподақтың ұйтқы болуымен өтілген іс- шара қарияларымызды мерекелік дастарханда концерттік қойылымдармен сый-сияпат табыстаумен жалғасын тапты.

«Ардагерлер – біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз» Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің орны біз үшін қашанда бөлек. Қадірменді ардагерлер! «Қарты бар ел – қазыналы ел» дегендей, Сіздер біздің қазынамыз болумен қатар, бағыт-бағдар беретін даналықтың сарқылмас бұлағысыздар», - деді«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мақсұт Ашимов.

Айта кетейік, облыста корпорацияның 120 астам зейнеткері болса, оның 7-і Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендер болып табылады. Ал ардагерлеріміздің ең үлкені биыл 87 жаста.