ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында жаңа кітапхана пайдалануға беріледі

0
679

Кітапхана 100 мың кітап қорына арналған.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында жаңа кітапхана пайдалануға беріледі

Түркістандық полицейлер 75 миллион теңгеге қарыз болып, жоғалып кеткен жігітті тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан былтыр 100 мың кітап қорына арналған орталық кітапхананың құрылысы басталған. Қазіргі таңда аталған нысанның екінші қабатының қабырғалары толық қаланып, шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық орталық кітапхана ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.


Жаңа кітапхананың бірінші және екінші қабатында келушілерге арналған оқу залдары болады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы пандус пен емін-еркін көтерілуге лифт қойылады. Орталық кітапхана бүгінде аудандық мәдениет үйінің ғимаратына уақытша орналастырылған.


Жалпы, аудан аумағында 25 кітапхана жұмыс істейді. Оның 23-і ауылдық, 1-і аудандық орталық кітапхана болса, 1-і балалар кітапханасы. Онда - 221 849 дана кітап қоры бар.