ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданындағы Тұрақты ауылында жағдай тұрақталды

0
1 145


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданындағы Тұрақты ауылында жағдай тұрақталды

Биылғы жылдың қатты жауын-шашын салдарынан Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекеніндегі "Тұтарық" каналы 4 жерінен бұзылып, ауылды су басқан болатын.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және аудан, ауыл әкімі аппараттары мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл тұрғындарымен бірлесе ауылға кірген су өзен арнасына бұрылып, дер кезінде тиісті алдын алу шарала
ры жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жедел штаб отырысын өткізіп, Тұрақты ауылындағы арналары бұзылған Тұтарық каналын қалпына келтіру, басқа да жұмыстарды ұйымдастыру үшін өзінің орынбасары Айкен Макенұлын бекіткен болатын. Аудан әкімінің орынбасары Айкен Мәкенұлының ұйымдастыруымен Тұрақты ауылындағы төрт жерінен бұзылған Тұтарық каналы қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар осы Тұтарық каналындағы кішігірім бұзылған арналарға да құм төселіп қаптармен бөгеттер жасалып, жабылды. Сай-сала арқылы сумен ағып келген ағаш бұталары мен басқа да тұрмыстық қалдықтар тазаланды.

Қалпына келтіру жұмыстарына 3 техника, аудандағы бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлерімен қатар белсенді ауыл, округ тұрғындары да атсалысып, толығымен жойылды.
Қазіргі таңда қауіп сейілгендіктен тұрғындардың барлығы өз үйлерінде тіршілігін жасауда.