ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданының әкімі ауысты

0
2 659

Ержігіт Шәріпбекұлы бұрынғы ОҚО, Шаян ауылында 1982 жылы дүниеге келген.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданының әкімі ауысты

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының әкімі ауысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен және Бәйдібек аудандық мәслихаты депутаттарының қолдауымен Бәйдібек ауданының әкімі болып Шәріпбеков Ержігіт Шәріпбекұлы тағайындалды.

Ержігіт Шәріпбекұлы бұрынғы ОҚО, Шаян ауылында 1982 жылы дүниеге келген.

2000 жылы Шымкент қалалық экономикалық колледжін бітіріп, әрі қарай білімін ұштаған ол Шымшаһардағы заң колледжін де аяқтайды. Жоғары білім алу үшін

Қарағанды экономикалық университетінің заңгер мамандығын, сонымен қатар Мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша экономика және бизнес мамандығын игерген.

Ал еңбек жолын Шымкент қаласы Абай аудандық полиция бөлімінде бастап, кейіннен жеке кәсіппен де айналысқан. 2011 жылдан бастап бұрынғы ОҚО, қазіргі Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық мәслихатының депутаты, 2013 жылдың қазан айынан аудан әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келген болатын.

Отбасылы, 4 баланың әкесі.