ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік дәрігерлер қан тапсырды

0
1 272

Бәйдібек ауданында жыл сайынғы үрдіс бойынша 93 медицина қызметкерінің 27 -сі тұрақты донор.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік дәрігерлер қан тапсырды

Бәйдібектік дәрігерлері қан тапсыруды әдетке айналдырған - деп хабалрайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жыл сайынғы үрдіс бойынша игі іске қатысқан 93 медицина қызметкерінің 27 -сі тұрақты донор. Адам өмірін сақтайтын ақ халаттылар халықты донор болуға шақырады.

"Қан банкін жасап қойғанымыз түрлі келеңсіздіктердің алдын алады. Қан тапсырған қайырымдылық қана емес, дені сау адам үшін пайдалы да. Біздің ұйымның арасында үнемі қан тапсырып тұратын тұрақты донорлар жетерлік", – дейді Бәйдібек ауданының орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бексұлтан Рысбеков.
Науқасты емдеп, аяққа тұрғызып қана қоймай, қайырымдылық ісімен де үлгі-өнеге көрсете жүріп жүрген ақ халаттылардың бұл шарасына ауыл тұрғындары да қосылып жатыр.
Бұл сауапты іс қана емес, қан тапсыруға ниет еткен адамның денсаулығын тексертуіне де тиімді болып тұр. Өйткені, қан тапсырар бұрын дәрігерлер талапкерден алдымен тегін сынама алады. Ағзадағы қанттың нормасы, холестериннің деңгейі, тағы басқа деректер сол мезетте анықталады.
Донор – белгілі бір дертке шал­дық­қан науқасқа өз еркімен қан бе­ре­тін адам. Латын тілінен аудар­ған­да «мейірімділік» деген мағы­на­ны білдіреді екен. Донорлық қан әртүрлі жа­рақатта, күрделі ота мен бала бо­санудың ауыр жағдайларында өте қа­жет. Оны жасанды бірде-бір сұйық­тықпен алмастыруға кел­мей­ді. Жер планетасындағы әрбір үшін­ші адам өмірінде бір рет бол­сын қан құюға мұқтаж болады. Дүниежүзі­лік денсаулық сақ­тау ұйымының мә­ліметінше, қан тап­сыруды әдетке ай­налдырған адам қан тапсырмайтындардан орташа есеппен 5 жыл артық өмір сүреді.