ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік демеушілер футбол алаңшасын салып берді

0
762

Ауыл жастары демеуші болған.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік демеушілер футбол алаңшасын салып берді

Бәйдібек ауданында кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ағыбет елді мекенінде 1993 жылы туған ауыл жастарының демеушілігімен салынған кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді. Футбол алаңшасының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, отаншыл азаматтардың бастамасына ризашылығын білдірді.


Шарада округтің төбе биі Әлмырза Еркебаев, Ағыбет ауылының биі Сейдалы Әмірбеков аудандық мәслихаттың депутаты Әбдірахман Төрехан, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.


Жаңа алаңда ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Бөлісу