ТҮРКІСТАН: «Бақытты балалық шақ» байқауы өтті

0
1 156

«Оқушылар сарайында» өткен сайысқа жүзден аса жасөспірім қатысты.


ТҮРКІСТАН: «Бақытты балалық шақ» байқауы өтті

Түркістанда «Балалар жылына» орай байқау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында «Балалар жылына» орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – Open Air «Бақытты балалық шақ» асфальтқа және мольбертке сурет салу байқауы. «Оқушылар сарайында» өткен сайысқа жүзден аса жас қатысты.


Шараның ашылуында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов шығармашылыққа бейім жастардың ел руханиятын дамытуда алар орны ерекше екендігін, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстардың жандана түсетінін айтты.


Байқауға қатысушылардың жұмыстарын Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі Омар Базарбайұлы, ХҚТУ-дің «Бейнелеу өнері» кафедрасының магистр- оқытушысы Нұржан Ержанұлы, сурет пәні мұғалімі Сейфулла Бахтиярұлы және «Оқушылар сарайы» Сурет үйірмесің жетекшісі Мұрат Нұрмағанбетұлы қазылық етіп, бағалады. Нәтижесінде төменде аталған өрендер жеңіске жетті:

Асфальтқа сурет салу:

І орын – № 27 Ө.Жәнібеков мектебі;

ІІ орын – «Оқушылар сарайы»;

ІІ орын – № 31 Абай мектебі;

ІІІ орын – № 8 Н.Төреқұлов мектебі;

ІІІ орын — № 18 Ж. Еділбаев мектебі;

ІІІ орын — № 19 Төле би мектебі;

«Ерекше шығарма» номинациясымен № 10 Әл-Фараби мектебі;

«Қызықты шығармашылық шешім» номинациясымен А.Байтұрсынов атындағы №1 мектебі;

«Ұйымшыл ұжым» номинациясымен № 20 Р.Исетов мектебі;

«Ең жарқын көрініс» сыйлығын № 21 М.Пошанов мектебі;

«Позитивті көзқарас» сыйлығын Әмір-Темір атындағы №3 мектебі еншіледі.


Ал, Мольбертке сурет салу бойынша бірінші орынды Бақдәулет Арай (Б.Момышұлы атындағы № 22 мектебі) иемденді. Бұл байқау оқушыларға шабыт сыйлап, шығармашылыққа құлшыныстарын оятты.