ТҮРКІСТАН: Балабақшалар арасында қайырымдылық эстафетасы жалғасып жатыр

0
470

Қонақтар балабақша қорын түрлі ойыншықтармен толықтырып, бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті.


ТҮРКІСТАН: Балабақшалар арасында қайырымдылық эстафетасы жалғасып жатыр

Түлкібаста балабақшалар арасында қайырымдылық эстафетасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданында «Балалар жылына» арналған игі іс-шаралар жалғасып жатыр. Балғын балалық шақтың мейрамы «Қарлығаш» балабақшасында да өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Н.Байғұт, мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы М.Маханбетов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадірбек, аудандық мәслихат депутаттары мен ата-аналар қатысты.


Іс-шараның ашылуында алғы сөз алған аудан әкімі Н.Байғұт пен өзге де азаматтар жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, игі бастаманы ұйымдастыруға атсалысқан жандарға алғасын білдірді. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен оларға деген қамқорлықты сезіндіру мақсатында өткен шарада келген қонақтар балабақша қорын түрлі ойыншықтармен толықтырып, бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті. Содан соң келген қонақтар балабақша ұжымының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, мерекелік көңіл-күйге бөленді.


Игі шараны жыл соңына дейін эстафета ретінде өткізу мәселесі көпшілікпен құпталып, «Қарлығаш» балабақшасынан басталған мерекелік эстафета Керейт ауылындағы «Мерей» балабақшасына табысталды.


Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында 62 мектепке дейінгі ұйым бар. Балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды.