ТҮРКІСТАН: «Balalarmen_birge» байқауы мәресіне жетті

0
786

Үйде отырған ата-аналар арасында ерекше байқау жариялаған.


ТҮРКІСТАН: «Balalarmen_birge» байқауы мәресіне жетті

Онлайн байқауға қызығушылық танытып, қырықтан астам үміткер қатысқан, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылғы 24 сәуір-14 мамыр аралығында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы үйде отырған ата-аналар арасында ерекше байқау жариялаған еді.
Бұл байқау – пандемия кезінде үйде отырған ұл-қыздарымыздың уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға үндеуге, олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлуге шақыру үшін ұйымдастырылған. Онлайн байқауға қызығушылық танытып, қырықтан астам үміткер қатысқан.

Аталған байқау шартына сәйкес, барлық видеоматериалдарды сараптаған әділқазылар алқасы шешім шығарып, жеңімпаздарды анықтады. «Balalarmen_birge» әлеуметтік желі белсенділерінің арасында өткен онлайн байқауында талантымен танылып, ерекше көзге түскен азаматтар тізімі:

Бас жүлде - «Тәтті бауырлар» тобы;
І орын - Бақдәулет Аңсарбекұлы;
ІІ орын - Жанайым Жанасылқызы;
ІІІ орын - Индира Сейдуллақызы.

Сонымен қатар, ынталандыру сыйлығымен Амангелді атындағы ЖОМ оқушылары, Меруерт Муслимханқызы мен Гүлзат Мұхтарқызы марапатталады.

Айта кететін жағдай, сыйлықтар жеңімпаз балалардың қалауы бойынша алынған. Ұйымдастырушылар барлық қатысушы азаматтарға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломмен марапаттайды. Сыйлықтар карантин режиміне сәйкес, үйлеріне жеткізлііп беріледі.