​ТҮРКІСТАН: Бас дәрігер талқыға түскен видеоға қатысты жауап берді

0
897

Жергілікті әкімдіктің қатысы жоқ екен.


​ТҮРКІСТАН: Бас дәрігер талқыға түскен видеоға қатысты жауап берді

фото: кадрдан скринделген

Шымкент қаласында өткен дәрігерлердің акциясы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкент қаласында Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің қызметкерлері акция ұйымдастырып, іс-шараның видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Осыған орай Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Болат Сағымбеков ресми жауап берді. Оның айтуынша, бұл акцияға жергілікті биліктің қатысы жоқ.
"Әлеуметтік желіде Президентіміз жариялаған жалпыұлттық аза тұту күні коронавирус құрбандарын еске алу бойынша біздің әріптестеріміздің көшедегі үнсіздік акциясы кеңінен таралып жатыр. Бұл іс-әрекетті сынға алып жатқан кейбір азаматтарымыз да бар.
Осы орайда Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансері ұжымының атынан ресми түрде мәлімдеймін: аталмыш шара Ұлттық медициналық ассоциациясының төрайымы Садықова Айжан Бегайдарқызының барша медицина қызметкерлеріне тастаған үндеуін қолдау мақсатында, сұм індетпен күресіп көз жұмған барша әріптестеріміздің рухына тағзым ету үшін жасаған біздің ортақ шешіміміз.
Аты жаман аурумен арпалысып ортамыздан кеткен қаншама маманнан, әріптес-достан, қызметтес-жолдастарымыздан айырылдық. Көз алдымыздан кетсе де, жүрегімізде қалды. Сондықтан да, Аза тұту күні олардың рухына тағзым етіп, еске алуды өзіміздің әріптестік парызымыз деп білеміз. Олардың әрбірі осындай құрметке лайық деп санаймыз.
Өз кезегімде, бұл шараны ұйымдастыруға жергілікті әкімдіктің де, орталық билік орындарының да ешқандай қатысы жоқ екендігін жеткіземін", - делінген бас дәрігердің мәлімдемесінде.