​ТҮРКІСТАН: Бас консулға тайқазан тарту етілді

0
1 672

2019 - Өзбекстандағы Қазақстан жылы.


​ТҮРКІСТАН: Бас консулға тайқазан тарту етілді

Түркістан қаласында Өзбекстанның Қазақстандағы жылын қорытындылау әрі Қазақстанның Өзбекстандағы жылының басталуы аясында өзбек киносы күндерінің апталығы басталды, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жыл Елбасымыз Н.Назарбаевтың пәрменімен Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып бекітілген болатын. Осы бағытта өткен жыл аясында бауырлас елдердің жақындастығын тереңдету мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Ал, биылғы жыл - Өзбекстандағы Қазақстан жылы.

Осыған орай мәдениет үйінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірдерегіне негізделген «Слово Абая» деректі фильмі, Шыңғыс Айтматовтың қиссасы аясында түсірілген «Сарвкомат Дилбарим» көркем фильмі, «Оzbekkino» агенттігінің тапсырыс бойынша «Оzbekfilm» киностудиясы түсірген тарихи кинокартина «Ойкиз» ертегісі түркістандықтар назарына ұсынылды.

Салтанатты кештің ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Абрар Фатхуллаев жәнеҚазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов сөз сөйлеп, ынтымақтастықты нығайту жолындағы іс-шаралар жалғасын таба беретіндігін жеткізді.

- Өзбек киносының күндері аясында бірнеше фильмдер ұсынылып отыр. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары шеңберінде кино саласыбіздің мәдени байланысымызды ары қарай нығайтуға үлкен септігін тигізеді, - деген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Нұржанұлы Бас консул Абрар Джахангерұлына тайқазанның көшірме кәдесыйын тарту етті.

Фильмдерді рет-ретімен бастан-аяқ тамашалаған қала тұрғындары сапалы, мазмұнды түсірілген фильмдердің ерекше әсер қалдырғандығына өз ризашылықтарын білдірді.