ТҮРКІСТАН: Базалық зейнетақы мөлшері 51 пайызға артады

0
901

Ең жоғарғысы – тиісінше 100 пайыздан 120 пайызға дейін кезең-кезеңімен жеткізіледі.


ТҮРКІСТАН: Базалық зейнетақы мөлшері 51 пайызға артады

Елімізде базалық зейнетақы мөлшері 51 пайызға артады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгінгі өткен брифингте Еңбек және әлеуметтік комитетініңТүркістан облысы бойынша департаменті басшысы Р.Тұңғышбаев айтты.


«Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды. Яғни 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызына дейін, ең жоғарғысы – тиісінше 100 пайыздан 120 пайызға дейін кезең-кезеңімен жеткізіледі. Базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51 пайызға дейін артатын болады. Аталған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға өсіруге (3 жыл ішінде – 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды», – деді департамент басшысы Руслан Кәрібайұлы.


Ал департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары Ернар Айдарбекұлының сөзінше, оңалту шараларын жүргізу нәтижесінде қайта куәландырылғандар арасында 936 адам толық оңалтылған. Яғни мүгедектік топтары тоқтатылған. Ал 817-і жартылай оңалтылып, мүгедектік топтары жеңіл топтарға ауыстырылған.


«Бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болатынын білуге тиіс. Бұл төлем бүгінде МӘСҚ-ға аударымдар жүргізілген табыстың 40 пайызын құрайды. Ал жұмыс істемейтін немесе бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда 6 айдан кем жұмыс өтілі бар ата-аналар жәрдемақы мен төлемдерге тек мемлекеттік бюджеттен ғана үміткер бола алады», – деді департамент басшысының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары м.у.а Бақтыбек Әлиакбарұлы.


Айта кетейік, департамент 3 бағытта жұмыстар атқарады. Жыл басынан бері әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттікбақылау бойынша 102 093 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ал медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша 19 086мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылармен қамсыздандыру бойынша облыс көлемінде жалпы тағайындалған әлеуметтік төлемдер 205 349.