​ТҮРКІСТАН: Белсенді жастар "БАУЫРСАҚ-PARTY" ұйымдастырды

0
3 958


​ТҮРКІСТАН: Белсенді жастар

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің белсенді жастарының ұйымдастыруымен "БАУЫРСАҚ-PARTY" мейрамы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алғыс айту күніне орай жайылған дастарханға студент қыздар өз қолымен пісірілген бауырсақ, шелпек, қытырлақ, чак-чак сияқты түрлі нан өнімдері ұсынды.

- Бұл шара сол тағамымызды шетелге танытудың бір амалы. Себебі, бізде 20-ға жуық түркі мемлекеттерінен келіп оқып жатқан жастар бар ғой. Олар бұл бауырсақтан ауыз тиген соң, көпке дейін ауыздарынан дәмінің кетпей жүретініне сенімдімін! - дейді Рухани жаңғыру орталығының жетекшісі Әміреқұл Әбуов.