ТҮРКІСТАН: «Beskuduktas» кәсіпорны айына 70000 шаршы метр қаптау плиталарын шығарады

0
531

Сығымдалған кірпіш шығару желісінің өндірістік қуаты жылына 18 000 000 дананы құрайды.


ТҮРКІСТАН: «Beskuduktas» кәсіпорны айына 70000 шаршы метр қаптау плиталарын шығарады

Түркістан облысындағы «Beskuduktas naturalstonecompany» ЖШС өндіретін құрылыс материалдары көптеп пайдаланылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы «Beskuduktas naturalstonecompany» ЖШС өндіретін табиғи тастан жасалған талапқа сай құрылыс материалдары бүгінде еліміздегі құрылыс нысандарына көптеп пайдаланылып келеді. Заманауи тас өңдеу кәсіпорны негізінен табиғи тастан жасалған бұйымдарды шығарады. Кәсіпорынның заманауи технологиялық жабдығы, қосалқы инфрақұрылымы бар базасы, сондай-ақ өзінің шикізат базасы, табиғи тасты өндіру бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттары бар.


Бүгінгі таңда «BESKUDUKTAS naturalstonecompany» – Қазақстандағы табиғи тастан жасалған қаптау және құрылыс материалдарын шығаратын ең ірі зауыттардың бірі. Ауқымды кен орны Сарыағаш ауданында орналасқан. Қазіргі таңда бұл кен орнында «Маржан» табиғи тасын өндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Компанияның басты бағдары – өндірілетін шикізатты толық өңдеуге қол жеткізу. Осыған орай әрбір кезеңде өндіруден бастап өнім шығаруға дейін шығарылатын өнімді өндіру процесінің сапасына бақылау жүргізіледі. Компанияның өндірістік қуаты айына 70000 шаршы метрге дейін қаптау плиталарын шығаруға жетеді.


«Табиғи қаптау тасы ғимараттың қасбетіне қайталанбас түстер үйлесімін, биік талғам мен беріктік береді. Бұл материалдың танымалдығының себебі сәндік әсерінде ғана емес, сонымен қатар оның табиғи қасиеттерінде де жатыр. «Маржан» табиғи тастарын таңдаудағы маңызды көрсеткіштердің бірі оның төмен жылу өткізгіштігі болып табылады (0,31 Вт/м.К-ден аспайды), бұл ауа температурасы жазда + 450С- тан қыста -400С-қа дейін өзгеретін континенттік және күрт континенттік климатта өте маңызды», - дейді өндірушілер.


Атап өтсек, «БесқұдықТас» карьері радиоактивтілігі жоқ аймақта орналасқан. Сондықтан, карьерде өндірілген тас экологиялық таза табиғи материал болып саналады. Сондықтан онымен тұрғын үй-жайлардың сырты мен ішін безендіруге болады. Оған қоса, бұл тас оңай өңделіп, түрлі ауа райы мен ультракүлгін сәулелердің әсерінен жақсы сақталады және температура ауысқан кезде пішіні өзгермейді екен. Ал, тасты кесу кезінде пайда болған ұсақ түйіршіктер қатты сығымдалған құрылыс кірпішін жасауға және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруге қолданылады екен. Сондықтан өндіріс қалдықсыз және экологиялық таза болып саналады. Қатты сығымдалған кірпіш шығару желісінің өндірістік қуаты жылына 18 000 000 дананы құрайды. Еліміздің көркеюіне үлес қосып, тер төгіп жүрген кәсіпорын басшылары мен қызметкерлерінің еңбегіне елдің де алғысы шексіз көрінеді.