ТҮРКІСТАН: Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық талқыға түсті

0
767

Биыл 296 қылмыс тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық талқыға түсті
Жетісай ауданында мемлекеттік қызметшілер мерекесі аталып өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасы басшысының сөзіне сүйенсек, 2020 жылдың 5 айында жалпы қылмыс деңгейі 20,4%-ға кеміген. Яғни, өткен жылдың алғашқы 5 айында 372 қылмыс тіркеліп, биыл бұл көрсеткіш 296-ға жетіп отыр.

Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдан 76 қылмысқа төмендеген. Дегенмен, қылмыстың ашылуы 2020 жылы – 88,7%-ды құраған. Ал 2019 жылы осы мерзімде 91,2% қылмыс ашылған екен.

Бұл туралы аудандық полиция басқармасының басшысы Бауыржан Зиятаев Сайрам ауданы әкімдігі жанынан құрылған құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында есеп берді.

Бұдан кейін Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия күн тәртібінде екі мәселені қарады.

Атап айтқанда, білім бөлімі және бөлімге қарасты білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сонымен қатар, осы бағытта 2015-2025 жылдарға арналған стратегияны жүзеге асыру барысы талқыға түсті.